Түркістанда ашылғанына небәрі екі жыл болған жоғары оқу орнының студенттері далада қалғалы тұр

Теги: ,
318

«Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің алдында бүгін спорт және алғашқы әскери дайындық факультеті студенттері мен ата-аналары шу шығарды. Айтуларынша, өздері оқитын факультеттің лицензиясы қайтарып алынған. Бірақ мұның өзін күні кеше ғана хабарлапты.

Севина Уахапова, студент:


— Біз ректорға кірсек, ректор қазір бізге: «уже өкім келді. Спорт жабылады» деп айтты. Бізден кейінгі келген ата-аналарға: «ешқандай шешім шыққан жоқ» деді. Әркімге әртүрлі сөйлеп отыр да.

Студенттер қыста шыққан сыбыс шындыққа айналарын білмедік деп отыр. Енді осы факультетте оқитын 300 -ден астам студент қайда барарын білмей дал. Ата-аналар бұл жерден шыққан балалары әрі қарай тегін оқитынына сенбейді.

Райхан Төлеуова, ата-ана :


— Қызым қазіргі таңда үйде ауырып жатыр, басы ауырып кешеден бері. Тамақ ішпейді, стресс болып жатыр. Сонда біздің балдарымыздың болашағы далада қала ма не? Бізге неге ескертпейді, ата-аналарға. Мен сонда азғантай ғана айлықпен күн көремін. Менің ұлымды платныйға ауыстырса оны оқытам ба жоқ олардың ас-ауқатын тауып берем ба қалай болады сол жағы?!.

Баян Анарбаева , ата-ана:

— Маған ойыншық емес баламның өмірі, мен де жалғызбасты анамын. Мен жалғыз өзім асырап отырмын. Мен бір айлықпен, өзгелер секілді артық табысым жоқ, сондықтан ақылы бөлімде оқыта алмаймын. Тым болмаса алдын ала ескертулері керек еді. Біз балаларымыз осында оқуын бітіруін тала етеміз!

Айта кетейік, университет бес мамандық бойынша білім береді. 1 347 студенттің 326-сы дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінде оқиды. Соның 200-дейі грантта екен.

Шу шыққан оқу ордасының ректоры екі апта бұрын жұмыстан кеткені бүгін белгілі болды. Ал оның орнындағы міндетін атқарушы спорт факультетінің жабылуы бойынша құжаттың әлі ресми түрде қолға түспегенін жеткізді. Бірақ министрліктің тапсырмасына сай жабылатынын растады.Десе де, күдіктен гөрі үмітіміз басым деген оқу ордасы өкілінің сөзіне сенсек, студенттер далада қалмайды.

«200 грантта оқып жатқан студенттер бүкіл Қазақстанда 50 ВУЗ педагогикалық бағытпен жұмыс істеп жатыр. Соларға осы таңдауымен, стипендиясымен, грантпен ауысады. Оны біз жұмыс тобымен өздерінен сұрап, қай жерге барғыларыңыз келеді, қай жерге оқығыларыңыз келеді деп өздерінің қалауымен,..басқа университет бұларды қабылдамайды деген әңгіме жоқ. Олар міндетті түрде қабылдауы тиіс. Бүкіл Қазақстанда 86 ВУЗ ішінен 50-ін қалдырып, 36 ВУЗ-дың лецензияларын алып жатыр.» — деді ректордың міндетін атқарушы Қарлығаш Аралбекова.

Ал ақылы бөлімде оқып келген 126 студенттің әрі қарайғы тағдыры не болмағы әзірге белгісіз. Сондықтан ата-аналар білім министірлігіне орта жолда оқу орнын ауыстырғанша осы университетті аяқтап шығуға мүмкіндік беруді сұранып отыр.

Предыдущая запись
«Астана Опера» Шымкент төрінде
Следующая запись
Орал: Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 18 жастағы жүргізуші қаза тапты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню