​Шымкент әкімі кезекті рет азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Теги: , ,
423

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді. Оған 100-ден астам адам келді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым туралы айтты.

Аmanat партиясы қалалық филиалының ғимаратында өткен бірыңғай қабылдауда тұрғындардың өтініштерін қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, қаланың бас прокуроры Ғ.Мұқанов, полиция бөлімінің басшысы Қ. Далбеков, Аmanat партиясының жауапты хатшысы Ж.Бектаева да тыңдады.

Қала тұрғындарының көпшілігі жеке сұрақтарымен келді. Мәселен, тұрғын үй беру мәселесі бойынша 17 адам, жер телімдерін беру және жерді заңдастыру мәселелері бойынша 15 адам, әлеуметтік көмек көрсету бойынша 10 адам жүгінген. Сондай-ақ, 15 азамат жолдардың сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, аллея салу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, тұрғындар жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлу, жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін айтты. М.Әйтенов өтініштерді мұқият тыңдады. Ол жер телімдерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін айтты.

Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керек», – деп атап өтті сол кезде Amanat партиясының төрағасы.

Предыдущая запись
​Аким Шымкента провел очередной единый прием граждан по личным вопросам
Следующая запись
Получайте госуслуги онлайн

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню