Батыс Қазақстан облысы: бұралқы иттер отыз шақты қойды тамақтап кетті

Теги: ,
394

Таңертең малын жайлауға шыққан Қызылтал ауылының тұрғыны Гүлфия Қазымова қорадағы қойларының қимылсыз жатқанын байқапты. Осыдан кейін отағасын шақырып, малын иттердің тамақтап кеткенін білген. Іле-шала полиция мен аудандағы ветеринарлық стансаға хабарласыпты. Мал иесінің айтуынша, мұндай келеңсіз оқиға бұған дейін де болған. Өйткені ауыл маңында иесіз жүрген ит көп. Түз тағысына айналған бұралқы төбеттер қоқыс төгетін орынды үйірсектейді екен. Бүгін малға шапқан хайуан енді адамды талауы да мүмкін, — дейді ашынған тұрғыны:

— 27 қой-ешкіміз бар еді. Солардың үшеуі арам өлген. Сегізінің жарақаты ауыр болғасын, дереу сойып алдық. Енді ветеринарлар басқаларын тексеріп жатыр. Кешке дейін күтеміз, егер мал болмайтыны анықталса пышаққа ілінеді. Басқа амалымыз жоқ, тіпті кімнен көмек сұрарымызды да білмейміз, -дейді Гүлфия Қазымова.

Предыдущая запись
Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына күдікті
Следующая запись
В новый микрорайон Шымкента проводят электроснабжение

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню