Шымкент: алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ жалған құжат жасап, көліктерді ломбардқа өткізіп келген

Теги: ,
471

Қазіргі уақытта ҰҚТ-тың барлық мүшелері, яғни 9 адам қамауда. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды, деп хабарлайды Полиция департаментіндегілер.

Топ жетекшісі қаладағы ломбардтардың бірінің бұрынғы қызметкері болған. Осы салада жұмыс істеген жылдары жинақталған тәжірибесін қолдана отырып, үлкен ақша табудың жолын ойлап тапқан. Алаяқтыққа өзінің 8 танысын тартқан.

Полицияның дерегінше, қылмыстық топтың әр мүшесінде өз міндеттері болған. Бірі таныстары арқылы немесе жалға қымбат көліктер табумен айналысқан. Екіншісі жалған құжаттар жасаған. Осылайша алаяқтар нақты жасалған кесте бойынша әрекет етіп, бір жыл ішінде «Lexus LX 570», «Toyota Land Cruiser 200» сияқты қымбат 5 шетелдік көлікті ломбардтарға өткізіп үлгерген. Уақытша алынған автокөлік үшін алаяқтар жаңа құжаттар жасап отырған. Топ жалған құжаттарды тұрғылықты жері жоқ адамдарға рәсімдеген. Автоломбардтарға жалған құжаттары бар көліктерді өткізіп отырған.Біраз уақыттан кейін қарыз алушылармен байланысқа шыға алмаған ломбард жұмысшылары алаяқтық туралы полицияға жүгінген.

Азаматтарға келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млн теңгені құраған.

Предыдущая запись
Уголовное дело в отношении ОПГ мошенников направили в суд полицейские Шымкента
Следующая запись
«Күйзеліске түскендіктен шектім»: Шымкент тұрғыны көшеде есірткімен ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню