Орал: қант тапшылығынан кондитерлік фабрикалардың жұмысы тоқтады

Теги: ,
867

Құмшекердің жоқтығынан тағы бірнеше кәсіпорынның қызметі тоқтатылуы мүмкін. Оралда қант тапшылығынан қарапайым тұрғындар ғана емес, наубайханалар, кондитерлік цех пен фабрикалар зардап шегіп отыр. Қазір қаладағы бір кондитерлік фабриканың 60 қызметкері жұмыссыз отыр. Кәсіпорын басшысы мұны шикізаттың жоқтығымен байланыстырады.

Орал қалалық «Хлебозавод 1» басшысы Вячеслав Филипповтің айтуынша, нан зауыты бұрынғыша жұмыс істеп тұр. Бірақ зауыт жанындағы кондитерлік фабрика тоқтап тұр. Осылайша кәмпит, вафли, печенье мен тоқаш өндірісі тоқтады.

— Қазір фабрика үздік-создық жұмыс істеп тұр. Қант табылғанда жұмыс басталады, шикізат біткенде бәрі тоқтайды. Қазір 60 адам жұмыссыз отыр. Қалған құмшекерді нан пісіруге жұмсап жатырмыз, — дейді Вячеслав Филиппов.

Еске салайық, Оралда соңғы үш айдан бері қант бағасы құбылып тұр. Қазір құмшекердің келісі 700-750 теңге аралығында. Соның өзінде бір адамға 3 кг артық берілмейді.

Предыдущая запись
Подросток из Кокшетау продал телефон, чтобы купить еду
Следующая запись
«Матери, ни за что не пускайте своих сыновей в армию!» Мать погибшего срочника записала обращение

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню