Орал: қала әкімдігінің шенеуніктері жетімдердің пәтерін басқаға таратып бергенін мойындамады

Теги: ,
338

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің айтуынша, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені ҚР тұрғын үй қатынастары туралы заңның екі бабы бір-біріне қарама-қайшы. Амалы таусылған әкімдік қызметкерлері индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне хат жазыпты. Кейін министрліктің жауап хатын негізге алып, әрекет еткен. Ал антикор осы хатты теріске шығарып, бүкіл жұмысымызды зая қылды, дейді шенеуніктер:

— Бүгінде облыста 22 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олар ҰОС ардагері, көпбалалы отбасылар, жетім балалар, толық емес отбасылар, т.б. 13 санат бойынша жіктеліп, кезегі келгенде баспана беріледі. Бірақ бұл азаматтардың ішінде кезекте тұрса да, кейбірінің жеке пәтері бар. Біз оларды кезектен шығара алмаймыз. Бірақ пәтерден үміттілердің арасында баспанасының ауданы 300 метрге жуықтайтын тұрғындар да бар. Бірақ заң бойынша біз оларға баспана беруден бас тарта алмаймыз, кезектен де шығаруға құқығымыз жоқ. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы түйткілді ескермеді, дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй. Оралдық шенеуніктердің бұлай шамдануы бекер емес. Осыдан бір күн бұрын БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 169 адамға баспана кезектен тыс беріліп, пәтерге мұқтаж емес 247 адамға үй таратқанын мәлімдеген еді. Осылайша ондаған жыл бойы кезегін күткен жетімдер мен көпбалалы отбасылар кейінге ысырылып қалған. Тіпті кейбірі кезектен шығарылыпты. Ал қала әкімдігінің шенеуніктері басы дауға іліккен 247 адам өзге өңірден БҚО-ға жұмыс бабымен ауысып келген мамандар екендігін, оларды қалай да пәтермен қамтамасыз етуге міндетті екендігін жеткізді. Олардың ішінде мемқызметшілер, әскерилер мен полицейлер, дәрігерлер мен бюджеттік сала қызметшілері бар. Кейін әкімдік пен Антикор арасындағы дауға БҚО әкімі Ғали Есқалиев араласып, әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл іске жауаптыларды анықтауға тапсырма бергенін мәлімдеді.

Предыдущая запись
Батыс Қазақстан облысы: киіктің текесін тірілей ұстап алған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Следующая запись
Ақтөбе: “Хово” жүк көлігі екі автобусты түйіп, 88 жолаушы зардап шекті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню