363
Оқыс оқиға қала іргесіндегі Шаған өзенінен өтетін көпірде болған. 23 жастағы жігіт көпірден секіріп кеткенімен, іле-шала жағаға қарай жүзіпті. Судағы адамды байқаған полиция қызметкерлері жағаға тез жетіп, құтқару шеңберін лақтырған. Осылайша жігітті судан шығарып алды. Кейін жігіттің тоңып қалғанын анықтап, көмек көрсеткен. Қазір ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз хатшысы Дариға Мәжитова.
Қазір суға секірген жігіт облыстық ауруханада ем алып жатыр.