329
Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмері белгілерін (МТНБ) берудің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу кезінде бюджетке ірі көлемде мемлекеттік баж салығын төлеуден жалтару фактілерін анықтады.
Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары 59 тұлғадан 14 млн теңгеден астам мөлшерінде мемлекеттік баж салығы бюджетке түспеген. 78 тұлғадан 2,7 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік баж жеткіліксіз төленген, ал 52 қызмет алушы жалпы сомасы 14,4 млн теңге мемлекеттік баж төлеуден негізсіз босатылғаны анықталды.
Осылайша, 2019-2021 жылдар кезеңіндегі мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетке 31,5 млн теңгеден астам залал келтірілді.