Облыстық чемпионатқа 35 команда қатысты. Олар робосумо 10х10, биатлон, кегельринг-квадро және робосумо 25х25 санаттары бойынша бақ сынады.
Тапсырманы ең аз уақытта дәл орындауға мүмкіндік беретін командалар ең жоғары балл алды. Мысалы, «Робосумо» санатында кез-келген позициядан қарсыластың орналасқан жерін анықтап, оны рингтен тыс итеретін роботтар көрсетілді. «Биатлонда» балаларға роботтарды белгілі бір сызықты ұстануға, кедергілерді айналып өтуге, нысанаға тигізуге және оларды атуға болатындай етіп жасап, бағдарламалау қажет болды.
«KazRoboSport» чемпионатына «Шеврон» компаниясы мен Орталық Азияның Еуразия Қоры демеушілігімен «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
«Мен мұндай іс-шараға алғаш рет қатыстым. Ол мен үшін өте пайдалы және қызықты болды. Мен осы бағытта одан әрі дамығым келеді», – деді № 16 мектептің 8-сынып оқушысы Диана Марзабаева.
Чемпионат Қазақстанда спорттық робототехниканы дамытуға мүдделі талантты жас қатысушыларды біріктіреді. Және үздіктер күзде елордада «KazRoboSport-2022» республикалық чемпионатында өзге облыс балаларымен бәсекелесу үшін, Атырау облысының құрама командасына кіреді.