497
Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов хабарлады.
Айтуынша, өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалар тұщы жер асты суларының табиғи ресурстарына, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіреді. Сондай-ақ жер асты және жер үсті суларын фенолдармен, радиоактивті және улы элементтермен ластайды.
Жылыой ауданында орналасқан 60 гидрогеологиялық ұңғыманы жою мақсатында былтыр жобалық-сметалық құжат жасақтау үшін республикалық бюджеттен 26,5 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары аяқталды. Ал, биыл иесіз қалған ұңғымаларды тығындап, жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр.