Атырауда пойыз жолсеріктері келіншекті босандырып алды

Теги: ,
335

«Астрахан-Атырау» жолаушылар пойызының қызметкерлері Аққыстау мен Атыраудың арасына келгенде толғағы басталған жолаушыға көмектесті. Кенжегүл Қайырболатова Ганюшкинодан Атырауға келе жатқан. Таңғы сағат 5-те Кенжегүлдің толғағы басталады. Пойыз бастығы нұсқаулыққа сәйкес машинистке хабарлады және жедел жәрдем бригадасын жақын маңдағы стансаға шақыртты. Таңғы сағат 05:30-да вагонда қыз бала дүниеге келді. Құрам бастығы Сәуле Ілиясованың айтуынша, жолаушылар тасымалында жұмыс істеген 15 жыл ішінде ол мұндай жағдайға алғаш рет тап болған. Атырау стансасына келгеннен кейін жаңа туған сәбиді анасымен бірге жедел жәрдем қызметкерлері күтіп алды.

Жас ана бәрінен бұрын нәрестемнің денсаулығына алаңдадым деп отыр. Жолсеріктерге алғыс жаулырған ол «өскенде қызымның өзіне айтып беремін»,- деді.

Предыдущая запись
Шымкент: азаматтарды 100 млн теңгеге алдап соққан алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ұсталды
Следующая запись
Атырауда жол көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көлік жолаушылары ауруханаға түсті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню