Түркістан облысы: Жетісай қаласының тұрғыны медициналық мекеме қызметкерінен 32 млн теңге бопсалаған

Теги: ,
494

Полицейлер медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалаған күдіктіні жергілікті дәмханалардың бірінен қылмыс үстінде ұстады. Сезіктіден айғақты зат ретінде 32 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді.

«Бізге, Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер жалған мәліметтерді таратып жариялаймыз, сондай-ақ бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерін ұйымдастырамыз деп бопсалап, 32 миллион теңге талап еткен. Аталған жайт біздің полицейлермен бірден ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі бопсалау» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды.

Қылмыстық топты ұстау және қылмысты ашу мақсатында, Түркістан облысы бойынша ПД КПБ мен ҚР ҰҚКД қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, кезек күттірмейтін тергеу жұмыстарын кешенді жүргіздік.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жетісай қаласындағы кафелердің бірінде ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап, алып жатқан Жетісай қаласының тұрғынын, яғни күдіктіні ұстадық. Ұсталған сезіктіден айғақты зат ретінде 32 млн теңге көлемінде ақша тәркіледік», — деді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

Полицелердің мәліметінше, бопсалау дерегіне қатысы бар оның сыбайласы да қамауға алынды. Ол Мақтаарал ауданының тұрғыны. Ымыраласқандар Жетісай мен Мақтаарал ауданындағы медициналық мекемелерден бұдан бұрын да түрлі сылтаумен ақша алып келген көрінеді.


Қос күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
Удобный пандус для дочери-колясочницы и работу для сына просит жительница Акмолинской области
Следующая запись
Шымкент: азаматтарды 100 млн теңгеге алдап соққан алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню