384
Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасына қарасты Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатының оқушысы Айсұлтан Закиров – ақындар сыныбынан дараланып шыққан талантты шәкірттердің бірі. 9 жасынан бастап өлең жаза бастаған бозбала 2019 жылы айтыс өнері бойынша Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатына түскен. Жас дарынның бүгін «Дарындыға дархан жол» атты шығармашылық кеші өтті. Бұл кештің басқа кештерден бір айырмашылығы — жас ақын Айсұлтан Закировтың «Қауырсын» атты қанатқақты кітабының тұсауы кесілді.
Кешке қатысушылар жас ақынға сәттілік тілеп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.