397
Облыстың Бәйтерек ауданындағы Трекин ауылының зиратына белгісіз біреулердің ойран салғанын әуелі тұрғындар байқапты. Бұзықтар православ бейітіндегі 14 ескерткіш белгісін қиратып кеткен. Қазір оларды полиция іздестіріп жатыр.
Қазір ҚР ҚК 314-бабына (қайтқан адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып жатыр, — деп хабарлады БҚО полиция департаментінен.