Биыл Шымкентте жастарға 800-ден астам жалдамалы баспана беріледі

Теги: , ,
398

Ағымдағы жылы үшінші мегополистің жастары жалға берілетін 857 пәтермен қамтылады. Жалпы биыл 1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланып отыр.

Пәтерлер тұрғын үй басқармасымен конкурс арқылы беріледі. Бүгінгі таңда тұрғын үйлерді абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жастар бағдарламасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтуде.

2021 жылы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға 300 баспана берілді. Ал 2020 жылы 904 жасқа пәтер кілті табысталған.

Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі.

Жалға берілетін тұрғын үй алу үшін жастар бағдарламасына қатысу үшін қол жеткізуге болатын кіріс шегі Қазақстанда 2022 жылдың соңына дейін төмендетіледі, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

«Жыл соңына дейін жастар үшін ай сайынғы табысты растауға қойылатын талаптарды 40 АЕК – тен (122 мың теңге) 25 АЕК-ке (76 мың теңге) дейін төмендету бөлігінде жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларына өзгерістер енгізілетін болады», — деді Ералы Тоғжанов парламенттік тыңдауда.

Бұл шара жастардың жалдамалы баспана алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Жыл соңына дейін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын еліміздің тағы алты өңірінде іске қосу жоспарланған: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары. Қазір осындай бағдарламалар тек Астана, Алматы және Шымкентте ғана жүзеге асырылуда.

Предыдущая запись
В этом году в Шымкенте молодежи предоставят более 800 арендных квартир
Следующая запись
В Шымкенте презентовали девять новых инвестиционных проектов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню