​Биыл екі мыңнан астам шымкенттік жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасады

Теги:
345

Ерлан Ескермес биыл сәуірден бастап AL-FARABI Шымкент академиялық мектебінде жоғары сынып оқушыларына математикадан сабақ береді. Ол мұнда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы орналасты.

Ол Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің механика-математика факультетінде білім алған. Айтуынша, бакалавриат мен магистратураны бітірген соң тоғыз ай бойы мамандығы бойынша жұмыс іздеп, таппапты. Достарынан жас мамандарға арналған бағдарлама туралы естіген соң ғана жолы болыпты.

«Жұмыспен қамту орталығына келіп, қажетті құжаттарды рәсімдедім де, осы мектепке жолдама алдым. Бұрын сабақ беру қолымнан келе ме деп ойлаушы едім. Қазір жұмысым өзіме ұнайды. Бұл тәжірибе жинауға өте жақсы мүмкіндік болды. Жастар тәжірибесінен соң да осында қалып жұмысымды жалғастырсам деймін. Мұнда пән мұғалімдері керек,-» дейді жас маман.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Майя Әлібжанованың айтуынша, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқысы келетін жас мамандар саны жыл сайын көбейіп келеді. Олар уақытша жұмыс болса да, қуана келіседі. Мысалы, былтыр 2500 жас қыз-жігітке жолдама берілсе, оның жартысы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, бұл бағдарламаға жоғары оқу орнын немесе колледж бітірген жас маман диплом алған соң «жұмыссыз» мәртебесі болған жағдайда үш жылға дейін жұмысқа орналаса алады. Және жасы 29-дан аспауы керек.

Қазір бағдарламаның еңбекақысы 30 АЕК (91 890 теңге), оның мерзімін 12 айға дейін ұзартты.

Жыл басынан жұмыспен қамту орталығы бері бір мыңға тарта жолдама берді. Жалпы биыл жастар тәжірибесімен екі мың маман қамтылу жоспарланған.

Жоғары оқу орны мен колледж бітірушілеріне арналған және бір мүмкіндік – «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы. Жоба бойынша жұмыс беруші тәжірибесі мен білімін үйрету үшін зейнеткерлік жасына жақындаған қызметкеріне жас маманды бекітеді. Оған диплом алғанына екі жылдан аспаған, 29ға дейінгі жас қыз-жігіттер қатыса алады.

«2021 жылы Шымкентте 21948 жұмыссыз тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады. «Еңбек» бағдарламасын 20021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлерді дамыту ұлттық жобасына ауыстырды. Жоба аясында биыл 33,5 мың тұрғынды қамту жоспарланған. Қазірдің өзінде оған жеті мыңға тарта адам қатысты. Оның негізгі тақсаты – «Жастар тәжірибесі»,әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» бағыттары бойынша мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастыру», — деді ол.

Айта кетейік, 2021-2025 жылдарға арналған Шымкенттің даму жобасы аясында биыл 24 196 мың жұмыс орнын құру ( оның 14 517 – тұрақты, 9 679 — уақытша) жоспарланып отыр. Оның ішінде, жеке бастамасымен құрылған — мысалы, балабақшаларда, спорт кешендерінде, білім беру ұйымдарында, дәріханалар, асхана мен өзге ұйымдарда.

Калима Жолкен

Предыдущая запись
В Казахстане проверят 1901 юридическое лицо, не использующее сельхозземли
Следующая запись
Ситуация по ящуру в Казахстане остается стабильной

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню