336
Бұл жағдай бүгін таңғы уақытта Нұрсәт шағын ауданында болған. Бейнебақылау камерасындағы жазбада ер адамның қоларбадағы баласын итеріп келе жатқан келіншектің соңынан елеусіз ілескені көрінеді. Ол жеделсатыға қосылып кірген. Есік жабылған сәтте әйелдің аузын қолымен жапқан белгісіз тұлға оның қалталарын тінтіп жатқаны анық көрінген. Осы сәтте есік ашылып, балалы келіншек сыртқа шығып үлгерді. Видеоны желіге таратқандардың дерегінше, күдікті әйелдің сөмкесін алып қалған. Бұл жағдай бойынша полиция мән-жайды анықтап жатқандарын жеткізді.