405
Жол апатына сол жердегі басқа жүргізушілер куә болыпты. Олардың бірі көлігіне орнатылған бейнетіркегіш құрылғы түсірген видеоны әлеуметтік желіге жариялаған. Видеода жаяу жүргіншілер жолағында самокатымен жолдан өтіп бара жатқан баланы ақ түсті «Toyota» көлігі қағып кеткені көрінеді. Жүйткіген жеңіл көлік осыдан кейін кілт тоқтап, баланың қасына жақындайды. Жүргізуші жасөспірімді үйіне жеткізіп салғанымен, артынша ізін суытыпты. Баласының жараланғанын көрген анасы кейін полицияға жүгінген. Қазір жеткіншекті іздеуге қағып кеткен қашқынды полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. БҚО полиция департаменті ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 611-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.