324
Оқыс оқиға облыстың Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болды. Бес жасар ойын баласы қосалқы электр стансасының ішіне кірген. Қоршаудың ішінде ойнап жүрген ол көп ұзамай токқа түсіпті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, ток соққан бала Жаңақала аудандық ауруханасына жатқызылғанымен, жағдайы өте ауыр. Екі қолы күйген, сондықтан Орал қаласына санавиациямен жеткізіліпті. Бүгін дәрігерлер бес жасар бүлдіршіннің екі қолын кесуге мәжбүр болғанын хабарлады.