Шымкент: Марихуанамен ұсталған адам полицейлерге есірткіні қайдан алғанын айтты

Теги: ,
465

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторларымен бірге күмән тудырған автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында капотында екі полиэтилен пакетке салынған салмағы 200 грамм кептірілген марихуана табылды.

Жүргізуші есірткіні жергілікті тұрғыннан алғанын және оның есірткі заттарын өз үйінде сақтайтынын айтты. Көрсетілген мекен-жай бойынша барған полицейлер айтылған азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер үйдің артқы ауласында жалпы салмағы 600 граммға жуық есірткі затын тауып, тәркіледі.

«Полицейлер автокөлік иесіне қатысты есірткіні заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Ал есірткі заттарын өткізу жайты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Заңнамаға сәйкес есірткі сатқан азаматтың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді Шымкент қ. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков.

Полиция департаменті Баспасөз қызметінің дерегінше, өткен төрт айда мегаполис полицейлері заңсыз айналымнан 31 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.

Предыдущая запись
«Положили на землю и убили» — подробности по делу найденной на свалке девочки
Следующая запись
БҚО: шекарадан заңсыз өткен өзбек азаматы іздестіріліп жатыр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню