393
Жолды тексеруге шыққан «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» Атырау облыстық филиалының мамандары 100 шақырымнан астам бөлігінде жасалған жұмыстарды пысықтады.
«Атырау-Астрахань» республикалық маңыздағы жолда жұмыстардың тұралағаны белгілі. Сондықтан кейбір бөліктерінде қара қиыршықтас төсеу жұмыстарының басталуы бұл үлкен жетістік. Қазір кейбір бөліктерде жолдың негізін төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Тексеріс кезінде айтарлықтай кемшілік анықталған жоқ. Бірақ айналма жолдарды күтіп ұстау, яғни шаң көтерілмес үшін уақытылы су шашып тұру жұмыстары бойынша ескерту берілді»-дейді инженер Қ.Шортабаев.