331
31 жастағы атыраулық азамат 28 жастағы әйелінің кеуде тұсынан пышақпен жарақаттайды. Кейін өз-өзіне қол жұмсап, кеудесіне пышақ сұғады.
Абырой болғанда, екеуі де аман. Жанжал үйдің ауласында болған. Оған куә болған көршілері дереу жедел жәрдем шақырады. Ерлі-зайыптыларды құтқаруға жедел-жәрдемнің екі бірдей бригадасы келіп, ауруханаға алып кетті.
Полиция департаменті баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің мәліметінше, бұл отбасынан бұрын отбасылық жанжалға байланысты қоңырау түспеген. Алайда ерлі -зайыптылар ажырасу барысында болған.
Қазір оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») және 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.