347
Бұл жағдай туралы Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 пультіне 19 мамырда хабарланыпты.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері шықты. Анықталғандай ата-анасы жоқ сәтте балалар жүксалғышқа көтеріліп, есікті жауып алған, содан кейін қайта шыға алмай тұншығып қалыпты. Екеуі оқиға орнында қайтыс болды, ал үшінші бала бүгін реанимацияда көз жұмған. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізге мәлім болғанындай, үлкені бесте, екіншісі 4те және кішісі 3 жасар бүлдіршіндер бір үйдің балалары.