354
Ол -1980 жылы туған азамат, жұмысшы. Бұған дейін перинаталдық орталықтың 1979 жылы туған күзетшісі мен туғанына 18 күн ғана 1 сәбидің көз жұмғаны айтылған еді. Тағы 8 адам зардап шеккен, Олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылған.
Перзентханадағы жағдайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бақылауда ұстап отыр. Оқиға орнына ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы да келген. Психологтар тобының жұмысы ұйымдастырылды. Зардап шеккендерге А.Сызғанов атындағы ҰҒХО дәрігерлері кеңес беруде, деп хабарлайды ведомство өкілдері.
Оқиға кезінде перинаталдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Олардың барлығы Шымкенттің басқа медициналық ұйымдарына көшірілген.