497
Арнайы қызмет күдіктіні қалалық мешіттің қасында тұтқынға алды. Қаланың қақ ортасында қарулы жасақ жүргізген бұл операция тұрғындарды бір дүрліктірді. Өйткені осыған дейін де Оралдағы спорт клубтарының бірі де осылай қоршауға алынған еді. Полиция дерегінше, ұсталған азамат деструктивті діни ағымының өкілі. Жасы 23-те. Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сүйенген БҚО полиция департаменті басқа ақпаратты жариялаудан бас тартып отыр.