253
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін» — деп сеніміне кірген. Ол үшін 150 000 теңге ақшасын алып қайтармай алдап жүргені туралы жазып көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
«Тәртіп сақшылары алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адамды сол күні күні ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде -делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.