322
Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізген.
Қолданыстағы заңнамаға қарамастан өзге де ақылы қызметпен айналысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды.
Мәселен, қалалық орта мектептің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны анықталды.
Лауазымды тұлғаға 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 190 000 теңге табысы тәркіленді.