Батыс Қазақстан облысы: екі жасар сәбидің үстіне ауруханадағы теледидар құлап, жансақтау бөлімінде жатыр

Теги: ,
475

Бәйтерек ауданының тұрғыны қызына анықтама алу үшін орталық ауруханаға барыпты. Әкесінің қасында ойнап жүрген бүлдіршін залдағы тумбаға мінбекші болады. Осылайша жиһазды айналшықтап, тартқыштауға кіріседі. Осы кезде ауыр теледидар сәбидің үстіне құлап кеткен. Баласын жалма-жан теледидардың астынан шығарып алған әкесі жедел жәрдем бөліміне жеткізеді. Сол жерде педиатр қарап, Бас сүйегі мен кеудесі рентгенге түсіріледі, сосын ауырсынуды басатын дәрі егіліпті. Бірақ ауыр соққы алған қыздың халі нашарлап кеткен. Осыдан кейін облыс орталығындағы мамандармен кеңесіп, санавиация шақыртылыпты.


Қазір екі жасар бүлдіршін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігі бойынша (абайсызда денсаулыққа зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунованың айтуынша, баланың бас сүйегі сынып, субарахноидальды қан кетті деген диагноз қойылған. Ауыр соққыдан бүлдіршіннің бет сүйегі сынған. Жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты.

Предыдущая запись
В акимате Тараза обсудили генеральный план застройки города
Следующая запись
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім біліктілік санатын көтеретін сертификатты сатып алды деген күдікке ілікті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню