371
Полицейлер Келес ауданының тұрғыны өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатынын анықтады. «Көкнәр» бақшадағы қырыққабаттың жанына егіліпті. Тәртіп сақшылары, айғақты зат ретінде күдіктіден 900-ге жуық түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жіберді.
Сараптама қорытындысымен алынған түптердің 7-еуі «көкнәр», ал қалғандары көкнәр өсімдігінің өскіндері болып шықты. Жергілікті тұрғынға қатысты заңсыз есірткі егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.