541
Ауданаралық сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шығарылды.
Сот Нұрлан Таубаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тимур Басаровқа 5 жыл үкім кесті.
Сотталғандар жазаларын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді.
Судьяның «түсінікті ме?» деген сауалына «түсінікті. Циркті тоқтатыңыз!»- деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, шенеуніктер тергеу изоляторында отыр. Олар Құлсары қаласындағы ірі әлеуметтік нысандардың бірін қабылдау актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін 185млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталды. Таубаев өз кінәсін мойындаған жоқ.