Орал: кәсіпкерді пышақтап өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

Теги: ,
367

Бірақ марқұмның туыстары мұнымен келіспейді. Олар қапыда қаза тапқан оралдық Серік Мұхамбетьяровқа бірнеше адам жабылып, қорлап өлтіргенін айтады. Бірақ ауыр қылмыс жасағандардың біреуі ғана сотталыпты. Марқұмның жұбайы Нұрия Мурзалиева күйеуінің жеке шаруа қожалығын ашқанын айтады. Осыдан кейін ауылдың тентек жігіттері қой сұрап, қайта-қайта келгіштей бастаған. Бірақ жігіт ағасы олардың бопсалауына көнбепті. Осыдан кейін былтыр түнде үйдің терезесін қағып, оятып алған ауылдасы күйеуін сыртқа шақырып алған. Танысымен аз-кем сөйлесіп, киініп кеткен отағасы үйіне қайтып оралмапты.

— Бұлар — ұйымдасқан қылмыстық топ. Осыған дейін де мал бағумен айналысатын ауыл адамдарын қорқытып жүрген. Кейін сұрастыра келгенде олардың төрт кісіні қорқытып, қой сұрағанын анықтадық. Оларға «берешек» болған тұрғындардың бірі былтыр жазда белгісіз себептермен асылып қалған. Екі күн бойы қорада асылып тұрған оның денесі бұзылып кеткен. Сондықтан экспертиза жасалмады. Полиция ол суицид жасады деп істі жылы жауып тастады. Бұдан кейін кезек менің күйеуіме келген сияқты. Бірақ Серік ондайға көнбейді. Өз күшімен ашқан шаруа қожалығының отымен кіріп, күлімен шығып, бүкіл бейнетін бастан өткерді. Сондай ауыр бейнеттен кейін адам ақ адал малын басқа біреуге тегін бере салмайды ғой, — дейді Нұрия Мурзалиева.

Марқұмның туыстары бұл іске байланысты қозғалған қылмыстық баптың өзгертілуін талап етсе де, еш нәтиже шықпаған. Серік Мұхамбетьяровтың туысы Айғаным Қартжанова сотталған жігіт жалғыз өзі Серікті өлтіргеніне сенбейтінін айтады. Өйткені бауыры жастайынан қара жұмысқа түскен шымыр денелі жігіт. Ал айыпталған күдікті — есірткіге әуестігі бар, әлжуаз адам:

— Серікті үйінен түнде шақыртып алып кеткен. Содан әйелі уайымдап, сол кісіге қанша хабарласса да, шындығын айтпапты. Түнімен сабап, он шақты рет пышақтаған. Содан кейін өлімші қылып ауруханаға апарыпты. Ауылдағылар мына сотталған жігіттің есірткімен әуестенетінін айтып отыр. Мұндай іс оның қолынан келмейді. Өйткені Серікке әлі жетпейді.

Істі қарап, үкім кескен судья тергеу кезінде заттай айғақтарды күдіктінің жойып жібергенін жасырмады. Бірақ марқұмның ұйыған қаны сотталушы Серік Мауышовтың тырнағының астынан табылыпты.

Предыдущая запись
Шымкентте алаяқ 4,5 млн теңгеге «дуадан айықтырып» берген
Следующая запись
Преступник прятался в шкафу у бабушки в ВКО

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню