Орал: түрмедегі төбелестен 10 адам жараланды

Теги: ,
417

Төбелес кезінде жарақат алған 10 адам бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ олардың екеуі дәрігер көмегінен бас тартыпты. Тағы жеті адамға көмек көрсетіліп, абақтыға кері қайтарылды. Жақ сүйегі сынған жазасын өтеушілердің бірі облыстық ауруханадағы арнайы палатаға жатқызылыпты. БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқыс оқиға мекеменің жатақханасында болған. Бір-бірімен сөзге келген жазасын өтеушілердің жанжалы төбелеске ұласыпты. Кейін бұл дауға кезекші жасақ араласып, төбелесті тоқтатқан. Осы оқиғадан кейін Орал қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Бірақ жазасын өтеушілер ешкімге арыз-шағым түсірмеген. Дегенмен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Әзірге жазасын өтеушілердің жанжалына не себеп болғаны да айтылар емес. Полиция төбелес болған жерден 6 дана темір тұрба мен 3 ағаш таяқ тауыпты.

Предыдущая запись
В Туркестанской области запущена информационная система E-Qonaq
Следующая запись
Орал: қаланың бас құрылысшысының ісі сотқа берілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню