381
Түркістанда құрылысы жүріп жатқан ескек есу базасына сынақтан өткізу үшін су жіберіле бастады. Осы арқылы мамандар каналды толық сараптап, кем-кетіктері болса, толықтырады.. Бүгінгі таңда жер жұмыстары жүргізілген. Беткейлерінің бетондау жұмыстары да аяқталып келеді. Арнайы құбырлары мен арықтары орнатылды. Су келетін каналдар дайын. Қазір 250 мың текше метр су жиналған, нысан су қабылдауға дайын. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған нысанға барып, жұмыс барысымен танысты.
– Бұл – өте ауқымды жоба. Спорт кешендері бар есу каналы өңірде су спортын дамытып қана қоймай, туризмнің гүлденуіне де үлес қосады. Екіншіден, қаланы көгалдандыру, атмфосферасын өзгертуде де каналдағы судың маңызы зор, – деді Өмірзақ Шөкеев.