397
Көшенің қақ ортасында орналасқан полицияның стационарлық пунктін әлдебір азаматтың таспен ұрып жатқан видеосы осыған дейін әлеуметтік желіде таралған еді. Видеоға оны басқа бір адам келіп алып кеткен сәті де түсіп қалған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық орында тәртіп бұзған азаматтың мас екендігі анықталған. 44 жастағы күдікті полиция пунктін кірпішпен ұрып, бүлдіріпті.
— Бұл азамат қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағы адамдардың мазасын алды. Бүгінде оның үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен хаттама толтырылып, 10 тәулікке қамауға алынды, — дейді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.