Атырауда 4 рет жалған хабарлама берген оқушының ата-анасы айыппұл арқалады

Теги: ,
385

16 жастағы жасөспірім соңғы бір айда полицейлерге 4 рет қоңырау соққан. Олардың бәрі де жалған боп шықты. Ол алғашында 28 — наурыз күні еш мән-жайды түсіндірместен, полиция қызметкерлерін шақыртқан.

26 — сәуір күні мектеп ауласында орналасқан футбол алаңында жасөспірім балалар төбелесіп жүргендігі жөнінде екінші рет хабарлама берген.

Араға үш күн салып, ойын алаңында белгісіз адамдар автокөліктерге тас лақтырғанын айтады.

30 — сәуір күні көпір айналасында 14-15 жастағы жасөспірім оқушылар электрошокер және бөтелкелер ұстап төбелескелі жүргендігін айтып хабарлама берген.

Полиция жалған қоңыраулардың иесі 10 сынып оқушысы екенін анықтады. 16 жастағы жасөспірімнің анасына ҚР ӘҚБтК-нің «Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салды. Баласының еркелігі үшін ол 45 945 теңге төлейді.

Предыдущая запись
Дома шымкентцев атакуют змеи
Следующая запись
Атырауда самса сататын дүңгіршекте емін-еркін жүрген егеуқұйрық жұртты шошытты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню