​Түркістан облысында 24-сәуір күнгі нөсер жауыннан 41 үйге су кіріп, қырықтан астам қора-қопсы құлаған

Теги: ,
426

Қазығұрт ауданында бір үй құлап, тағы бір баспана жарамсыз күйге түскен.

Заңғар ауылының тұрғыны Гүлсім Пошанованың баспанасы селге шыдас бермеді. Үйдің қос қабырғасы құлап қалған, кейбірі ажырап тұр. Дүние мүліктің бәрі балшыққа иленіп жатыр. Жауын жауғасын үй ішіне кіріп кетіп едім деген көпбалалы ана сыртағы жағдай мұншалықты қиын болады деп әсті ойламапты. Ауыз ашатын уақыт таяп қалғандықтан малды жайғап ішке кірген беті екен. Екі ұлы ер жетіп, келін алуға ниеттеніп отыр едім деген Гүлсім сол күні ұлы екеуі кісі бойына жететін судан қауіпсіз жерге әзер жетіпті.

— Есікті ашсам ашылмайды. Ас бөлменің терезесінен қарасам құдды каналдың суындай арқырап ағып жатыр. Енді қайттік деп жылап та алдым. Терезеден сыртқа шықтық ұлым екеуміз. Балам жылағасын бір қолыммен жоғары көтеріп алдым, екінші қолымда үйдің құжаттары. Қауіпсіз жерге әзер жүзіп жеттім сол күні. Енді үйіміз құлап жатыр, — деді Гүлсіз Пошанова.

Бұл отбасы уақытша туыстарының үйіне жайғастырылды. Заңғар ауылындағы тағы бір үй жарамсыз деп танылыпты. Мырзабековтердің шаңырағының іргетасы езіле бастаған, олар баспанасын босатып жатыр.

— Барлық бөлменің астында жертөлеге бар. Қырдан ағып келген су үйдің астының бәріне толып қалған. Шылқылдаған су іргетасқа жетіп тұр. Қам қышпен өрілген ғой астыңғы жағы, соған су тиіп қабырғалар жібіп барады. Тұруға қорқамыз. Қазір үйді босатып жатырмыз. Бізге қауіпсіз басқа жерден жер берсе, үкімет көмектесіп сол жақтан баспана салып берсе екен, — деді Заңғар ауылының тұрғыны Бақытгүл Мырзабекова.

Қақпақ ауылдық ауылдық округінің әкімі Мақсат Заитов екі отбасыға қолдан келген көмектің барлығын көрсетіп жатқандарын жеткізді. Бұл ауылда мал шығыны да көп екен. Екі жүздің үстінде мал өлген.

«Жексенбі күнгі нөсер жауыннан Қазығұрт ауданындағы 11 елді мекенде 37 үйді су басып, 1 үй құлаған. 28 асхананы су басып, 7-і құлаған. 66 қора-қопсыны су басып, 17-сі құлаған және 1 коммерциялық нысанды су басқан. Сонымен қатар аудан бойынша 475 мал шығыны орын алған. Оның 468-іуақ мал, бесеуі ірі қара, екеуі жылқы», — деп хабарлады ауданның баспасөз қызметі.

Жалпы ауданда 350 жуық еріктілер селден құлаған, зақым келген қора-қопсыларға және тұрғын үй мен аулаларды тазалау жұмыстарына белсене көмек беруде.

Сондай-ақ, ауыл әкімдері зардап шеккен тұрғындарға демеушілер есебінен алғашқы азық-түлік пен киім-кишек заттарын және көмек көрсетіп жатқан азаматтарға ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырып отыр.

Предыдущая запись
Түркістан облысының тұрғыны ешкі жүнін ұрлағаны үшін жауапқа тартылады
Следующая запись
«Перевел неизвестным 700 тысяч тенге» — откровенные истории пострадавших от телефонных мошенников

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню