422
Күдікті Бәйдібек ауданындағы үйлердің бірінің қорасында тұрған үш қап жүнді ұрлап кеткен. Бір тәулік ішінде ұрыны ұстаған полицейлер сезіктінің мал жүнін алып сатумен айналысатынын анықтаған. Ұсталған жігіт «несиемді төлеуге ақша керек болды» деп ақталыпты. Алайда бұл оны жазадан құтқармайды. «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.