Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер шаруаның 50 қойын тамақтап өлтірді

Теги: ,
353

Қорасындағы қойының тең жартысынан бір түнде айрылып, күйінген Сырым ауданының тұрғыны Батырбек Жұбанғалиев кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Оның айтуынша, мұндай оқиға бұған дейін де болған.

— Таңертең қорадағы малды далаға шығарайын деп есікті ашсам, қойлардың көбі теңкиіп өліп жатыр. Бәленің алыстан келмегенін түсіндім. Биылдың өзінде бұралқы иттер осымен екінші рет шығынға батырып отыр. Қораға кірген иттер әлі жеткен жануарлардың бәрін талап, өлтіре берген. Ішінде ірі қойлар да, тоқтылар да бар. Биыл 8-наурызда да дәл осындай жағдай болған. Ол жолы 12 қойды иттер талап өлтірген еді. Енді кімнен көмек сұрайтынымды білмеймін. Әкімдіктен қайыр жоқ. Полиция да сол. Қаңғыған иттің артынан кім қуып жүреді? Өйткені итті атуға рұқсат жоқ. Санын азайтпағасын, бұралқы хайуан жыл санап көбейеді. Иесіз иттер қораға ұрланып кіріп, қаз бен тауықты өлтіретін. Енді қойымның тең жартысын қырып тастады, — дейді күйінген шаруа.

Батырбек Жұбанғалив келген шығынды 3 миллион теңгеге бағалап отыр. Ол иттерді аулау, піштіру, чип тағу секілді жұмыстарға жауаптылар жазаға тартылсын әйтпесе келген шығынды өтеп берсін дейді. Ал Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев бұралқы иттерді аулау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілетінін айтады:

– Жыл басынан бері аудан орталығының өзінде тұрғындардың шағымы бойынша 140 иттің көзі жойылды. Тұрғындар бұралқы иттердің қай жерде жүргенін бізге хабарлайды. Сосын ветстанса мамандары бар, оларды атуға кіріседі. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Бірақ әзірге иттерді тоқтата алмай отырмыз, — дейді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.

Әкімнің айтуынша, шаруаға өтемақы беру заңмен қарастырылмаған. Егер су тасқыны әлде өрт секілді төтенше жағдай болса, зардап шеккендерге белгілі бір мөлшерде көмек көрсетіледі. Бірақ заңда мұндай жағдай көрсетілмепті.


Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында 6 мың адам тұрады. Ауылдықтардың тең жарымы мал ұстайды.

Предыдущая запись
Военные водолазы повышают профессиональное мастерство
Следующая запись
Дорога помощь вовремя: отравившихся угарным газом мать с дочерью спасли полицейские Шымкента

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню