Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен арзан бағада пәтер алудан үміттілер шу шығарды

Теги: ,
372

«Нұрлы жер» бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша сәуірдің 11-і мен 15 –і аралығында жарияланған конкурста тайы озғандар әкімдік маңына бүгін тағы жиналды. Олар жылдар бойы армандаған пәтерге қолымыз жетуге сәл-ақ қалғанда арзан баспанадан қағыламыз ба деп уайымдап жүргендерін жеткізді.

Арслан Алтай , Шымкент қаласының тұрғыны:

«Біз бәріміз «7-20»25» бағдарламасы бойынша пәтер алудан үміттілерміз. Көз майымызды тауысып, түн ұйқымыз қашып конкурсқа қатыстық. Тізімге іліктік деп қуанып жүргенбіз. Өйткені бізге өзгелер секілді көпқабатты үйден пәтер алудың бұдан басқа тиімді жолы жоқ. Барлық критерилерге сәйкес болу үшін атымызда нисие қалдырмай, бастапқы жарнасын төлеп дайын жүргенбіз. Енді келіп «шешімді өзгертеміз, конкурстың күшін жоямыз» деген әңгіме шығарып жатыр. Біз оған қарсымыз!. Қаншама құжат дайындадық. Әлеуметтік желіде айтылғандардың сөзіне еріп неге осыншама халықты шырылдатып қоймақшы?.. Тізімге шенеуніктер еніп кетіпті дейді. Мейлі, олар саусақпен санарлық қана адам ғой. Оларды тізімнен шығарып, орнына кезек күткен өзге адамдарды қоса салсын. Осыншама адамды уайымға салғанша…»

Бұл топ Тұран және Нұрсәт шағын ауданында арнайы бағдарламаға сәйкес салынып жатқан үйлерден пәтер алуға үмітті. Қызығып тұрғандары баспаналардың бағасының арзандығы, 1 шаршы метрі – 180 мың теңге.

900 адамның қатарына алғашқылардың бірі болып іліккен Зере Бәлсәнова өзіне берілген бұл үлкен мүмкіндік екенін айтады. 26 жастағы бойжеткен жеке компанияда есепші болып жұмыс істейді.

Зере Бәлсәнова, Шымкент қаласының тұрғыны:

«Біз бюджеттік салада істемейміз, көпбалалы емеспіз, әлеуметтік осал топқа да кірмейміз. Бізде пәтерлі болатын мүмкіндік аз. Сол үшін конкурс жарияланғанда күн-түн демей интернет байланысы жақсы жерде түнімен отырып, таңғы тоғызда бірден сайтқа кірдік. «Танысы барлар тізімге бірінші болып кіріп алған, болмаса сайт қатып тұрды» деп жатқандардыкі бос сөз. Сайт дұрыс жұмыс істеп тұрды. Ол түсқайта қимылдағандардың сөзі деп ойлаймын. Мен өзім оқуымды бітірмей жатып жұмыс істеп келем. Қазірден үйлі болмасам ертең жасым елуге келгенде әкімдіктің алдында бала-шағамды шұбыртып жүруім керек пе?! Осы мүмкіндікті жіберіп алғымыз келмейді әрі пәтердің бағасы қолжетімді болып тұр біз үшін».

Тұрғын үй басқармасы жариялаған конкурсқа 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер тізімі жасалған. 900 пәтер бар. Ал өтінім бергендер саны тіпті көп. Олардың арасында шенеуніктер де бар. Ең қызығы арзан пәтерден дәмелілердің тізіміне олар сайт ашылған замат тіркеліп үлгеріпті. Көпшіліктің күдігін тудырғаны да сол. Өзгелер сайттан «сығалай» алмағанда лауазымды адамдар қалайша кедергісіз кіре қалды деп шуылдасты.

Алайда бүгін әкімдік маңайына өз талаптарын қоя келген топтың сөзін тыңдағандар баспана байқауының заңсыз өткенін хабарлады.

«Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев конкурстың процедурасын дұрыс өткізбеген. Ол бастапқы бұдан бұрын қарастырылған бағдарлама бойынша өткізіп жіберген. Бізде жалпы бұрынғы тәжірибеде «7-20-25» бойынша үй берілген. Конкурс өткізілген, сол конкурс арқылы берілген. Ал былтырдан бастап ол тоқтатылған, күші жойылған. Бірақ басқарма сол бұйрыққа қарамай «биыл да бере салады ғой бізге, тағы да осындай болады ғой» деп олар конкурс өткізіп жіберген. Осы шудан кейін зерделедік мәселені. Біз оларға айттық бұл заңдылық емес деп. Сөйтіп жоғарыға хат жазып, жауабын алдық. Онда «заңсыз» деген жауап келді. Ал жалпы былтырдан бері бұл бағдарламаға енгізілген өзгеріске сәйкес арзан пәтерлерді әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтар ғана қол жеткізе алады. Сол үшін Утенбаевқа шара көріледі» — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.

Білісбеков сондай- ақ, шаршы метрі 180 мың теңгеден түсіп тұрған пәтердің тізімін бастап тұрған шенеуніктерге де қатысты тоқталды. Ұзын саны 35 адам екен. Кешелі бері 15 лауазымды тұлға жеке аттарында баспанасы жоқтығына қарамастан өз өтінімдерін қайтарып алғандарын жеткізді.

900 адамның тізіміне енген өзге азаматтар бұл мүмкіндікті жіберіп алғысы жоқ. Олар министрлікке дейін баруға бел буып отыр.

Предыдущая запись
Мать найденного повешенным в Кыргызстане солдата утверждает, что на нем была чужая одежда
Следующая запись
Участник Олимпийских игр из Караганды решил покинуть большой спорт

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню