Ақтөбелік оқушылар ауылда жаңа мектеп салынғанша ескі үйде оқиды, не көрші ауылға қатынайды

Теги: ,
2 022

Мектепсіз қалған “Темір көпір” бекетіне арнайы барып, тұрғындармен кездескен комиссия халыққа осы екі нұсқаның бірін таңдауды ұсынған. Көрші ауылға балалар мектеп автобусымен қатынайды деп отыр.


Ауыл тұрғыны Еламан Қапановтың хабарлауынша, халық екі нұсқаға да келісім бермеген. Олар жаңа мектеп салынғанша балаларды онлайн оқытуды сұрайды.

Комиссияны ауылға бастап барған “Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов онлайн оқыту мәселесін құзырлы министрлікке жеткізуді уәде етті. Ал жаңа мектептің құрылысы 2023 жылдың көктемінде басталып, қыркүйекке дейін аяқталатынын айтты. “Себебі, жобаның сметасы осы жылдың тамыз айында ғана дайын болады. Тендер жарияланып, мердігер анықталғанша қыс түседі. Қыста құрылыс жүргізе алмаймыз. Сондықтан, келесі жылдың көктемінде бастаймыз, жаңа оқу жылына дейін мектепті дайындау үшін жұмыс істейміз”, -деді Ербол Данағұлов.

Осыдан кейін “Темір көпір” жұрты балаларына осы оқу жылын бұрын вокзал ғимараты болған қазіргі мектепте аяқтатуға көнді. Бірақ, билік өкілдеріне шарт қойды. “Қараша айына дейін әкімдіктен жаңа мектептің салынатыны туралы дәлел қағаз күтеміз. Оған дейін баламыз сабақты онлайн оқысын. Құжатты көрген уақыттан бастап, мектеп салынғанша әкімдік сатып алғалы отырған лашық үйде оқыта тұрамыз. Біздің шартымыз сол”, -деп тарқасты ауыл тұрғындары.

Предыдущая запись
Памятник Розе Баглановой открыли на родине певицы в Кызылорде
Следующая запись
Атырау облысында Жем өзені тасып, адамдар эвакуацияланды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню