Үш жылға созылған тергеу кезінде БҚО, Жаңақала аудандық ауруханасының анестезиологы Жарқын Тілешовтың кінәлі екендігі анықталды.
Айыптаушы тарап күдіктіні үш жылға бас бостандығынан айырып, дәрігерлікпен айналысуын екі жылға шектеуді сұрады.
Ал жәбірленушінің адвокаты Назгүл Кенжебаеваның айтуынша, дәрігерлер әйелге дұрыс диагноз қоймаған.
Дегенмен күдікті Жарқын Тілешов кінәсін мойындамады. Ол Бибінұр Нығметоваға көмек көрсеткенін, қолдан келгенше өмірін сақтап қалуға тырысқанын айтып ақталды.
Естеріңізге сала кетейік,
қайғылы жағдай 2018 жылдың 24 сәуірінде болған. Жүктіліктің 29-аптасында Бибінұр Нығметовадан қан кетіп, ол ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай әйел операция үстелінде қайтыс болған. Оның құрсағындағы шарана да шетінеп кетті. Марқұмның артында төрт баласы қалды.