Түркістан облысында алкогольді ішімдік сатылмайтын ауылда соңғы 5 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Теги: ,
328

Жетісай ауданындағы Алмалы ауылының елімізге жақсы жағынан танылғанына 5 жылдай уақыт болды. Бірлігі жарасқан ауылда алкольді ішімдік сатылмайды. Шекаралық аймақта орналасқан бұл ауылда барлық мәселелер ақсақалдар ақылы арқылы өз шешімін тауып келеді.

– Алмалы ауылында 150-ден астам шаңырақ бар, шамамен мыңнан астам адам тұрады. Олардың барлығы мал ұстайды. Сол кездегі ауыл билері марқұм Елеусін мен Асан ақсақалдарымыз бас болып, ішімдіксіз ауыл болу бастамасын қолға алған болатын. Сол жылдан бастап осы уақытқа дейін ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бұған халықтың ауызбіршілігі және тиісті қабылдаған шаралар ықпал еткен. Ауылда үш дүкен бар, бірақ олардың ешқайсысында алкоголь сатылмайды. Біздің мақсатымыз – жастарға дұрыс бағытта тәрбие беру, – дейді ауыл әкімі Мейрамбек Қыдырқожаұлы.

Ауыл азаматтарының айтуынша, елді мекенде отбасылық кикілжіңдер де азайып, соңғы 2 жылда ажырасу мүлдем тіркелмеген.

– Осындай істерді көптеп насихаттап, өскелең ұрпақтың кемелді болашағына жұмыс істеу біздің азаматтық парызымыз, – дейді Алмалы ауылының қазіргі биі, батагөй Нұржан қария.

Предыдущая запись
Атырауда ауыл әкімі, еңбек инспекторы мен мәдениет үйінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр
Следующая запись
Телевидение и радио временно отключат в Казахстане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню