432
Ұры алыстан келмеген. Полиция олардың көршілес Атырау қаласының азаматтары екендігін анықтады. Олардың Орал қаласында екі рет ұрлық жасағаны расталып, ҚР ҚК 188 бабы 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Баукеспелер қалалықтарға 4 млн теңгеге жуық шығын келтіріпті. Тергеу барысында белгілі болғандай, 24 және 25 жастағы екі күдікті қала іргесіндегі Деркөл елді мекеніндегі бір үйдің пластик терезесін сындырып кірген. Олар үй иесінің 1 000 000 теңгесі мен алтын бұйымдарын, ноутбугін ұрлаған. Мұнымен шектелмеген ұрылар тағы бір үйге ұрланып кіріп, 69 жастағы тұрғынның 240 000 теңгесін, 100 еуро мен алтын әшекейлерін олжалапты. Ұрланған бағалы заттардың кейбірі тәркіленген.