Батыс Қазақстан облысы: пандемия кезінде оқушыларға алынған планшеттердің үштен бірі жарамсыз болып шықты

Теги: ,
424

БҚО ревизиялық комиссиясының дерегінше, коронавирус пандемиясы кезінде қашықтан оқытуға қажетті құрал-жабдық сатып алу үшін 2,3 млрд теңге бөлінген. Облыстық білім басқармасының қызметін тексерген аудиторлар планшеттердің істен шыққанын анықтапты. Бұл аздай жүздеген интернет адаптердің оқушыларға таратылмай, қоймада жатқаны белгілі болды. Бұл деректер БҚО ревизиялық комиссиясы сайтында жарияланған. Облыстық білім басқармасы 1558 компьютер, 2018 планшет және 11394 ноутбук сатып алып, мектептерге таратыпты. Бірақ 12 аудан мен облыс орталығындағы 2018 планшеттің 711-і (35%) істен шыққаны мәлім болды. Бір қызығы білім басқармасы жарамсыз құрылғыларды жөндетуге асықпаған, ақырында бұл мәселені ұмыт қалдырды, — дейді аудиторлар.

Бұл аздай, білім басқармасының жауапты қызметкерлері 895 мың теңгеге атып алынған 358 Wi-Fi адаптерін де оқушыларға таратып бермеген. Бұл құрылғылардың барлығы білім басқармасының қоймасында қозғаусыз жатқан. Осылайша ауыл мен қала мектептері ғаламторсыз қалса да, интернетке өз күшімен қосылыпты. Білім басқармасы кейбір қала мектептеріне ноутбуктар мен планшеттер әперген. Бірақ бұл мектептерде мұндай қондырғылар жеткілікті еді. Осылайша оқу орындарына қажет емес құралдарға бюджет қаржысы орынсыз ысырап болған.

Предыдущая запись
Туркестан: в Казыгуртском районе построят гидроэлектростанцию
Следующая запись
​Аллея на чужих костях: скандал произошел на кладбище в Северном Казахстане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню