Түркістан облысында «TOYOTA ALPARD» көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

Теги: ,
525

Жол апаты Сайрам ауданының тұсында жексенбі күні сағат 21:30 шамасында болды.

Полицияның дерегінше, «TOYOTA ALPARD» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 4-шақырымында, Алматы қаласынан Қызылорда бағытына қарай келе жатып, өзімен бір бағытта, яғни алдында кетіп бара жатқан «HOWO» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан.

«Апатты жағдай кезінде, «TOYOTA ALPARD» көлігінің жолаушысы жедел жәрдем көлігінде өзіне келмей қайтыс болды. Ал 7 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Олардың бірқатары дәрігерге көрінген соң үйлеріне қайтқан. Сайрам АПБ полицейлерімен аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Автокөліктер айыптұраққа қойылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде», деп хабарлады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Предыдущая запись
Военные моряки отразили нападение диверсионной группы противника
Следующая запись
В Правительстве презентовали проект строительства теплицы площадью 500 га в Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню