Түркістан облысында мал ұрлығымен ұсталғандарды құтқаруға уәде еткен жоғары шенді полицей сотталды

Теги: ,
300

Төлеби аудандық Полиция бөлімі бастығының бұрынғы бірінші орынбасары қызметін асыра пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды. Лауазымды тұлға енді өмір бойына мемлекеттік ұйымдарда қызмет ете алмайды. Сонымен қоса сот оны полиция подполковнигі атағынан да айырды. Түркістан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция өкілі мал ұрлығымен қамауға алынған екі күдіктінің қылмысын жабуға уәде еткен, бұл қызметі үшін 3 млн теңге алған. Алайда, бөтеннің мүлкін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып иемденген полицей ұрлық жасағандарға көмек көрсете алмаған.

«Түркістан облысы, Төлеби аудандық сотында алаяқтық жасауға, яғни бөтеннің мүлкін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, екі адамға қатысты ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыруға оқталған полиция қызметкері Б-ға қатысты үкім жарияланды. Сотталушының кінәлілігі жәбірленушілер мен куәлардың сот талқылауындағы айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген», -деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Предыдущая запись
«Нас не забирают, нас много…» — история четверых детей из СКО, которые нашли родителей
Следующая запись
Шымкентте өзін блогер деп таныстырған тұрғын бопсалау жасады деген күдікпен құрықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню