Түркістан облысы: Төлеби ауданының орталығындағы қос қабатты 8 үйдің тұрғындары әр күнін үреймен өткізіп жүр

Теги: ,
528

Леңгір қаласындағы қос қабатты сегіз үй 1930-шы жылдары салынған. Бүгінде баспаналардың әбден тозығы жеткен. Жаңбыр жауса пәтердің іші суға толып, жел соқса электр сымдары үзіледі де қалады, — дейді үреймен күн кешіп жергенін жеткізген халық.

Тұрғындардың сөзінше, салынғанына 90 жылға жуықтаған бұл баспаналарсодан бері күрделі жөндеу көрмеген.

«Үйдің қабырғасы қамыс пен ағаштан өрілгендіктен күннен күнге үгітіліп барады, сау жері жоқ, төбе жабындары да түсе бастады. Жаңбыр жауса шатырдан су сорғалап әбіржиміз. Едендер шіріп жатыр. Баспалдақпен қорқа-қорқа көтерілеміз. Бізде ауыз су да, газ да жоқ. Күн суысатіпті қиналып кетемін. Даладан көмір мен ағаш тасып, бір бұрышқа жинап қоямын амалсыз. Бес баламбар. Қатты шаршады. Жаңа үйді армандап жүргенімізге қанша уақыт өтті. Үйдің ескілігінен қандаладан құтыла алмай келеміз. Кшкентайларым түнімен ұйықтамай шығады», — дейді тұрғындардың бірі Әсем Зұлыпбекова.

Сегіз үйде — 115 отбасы тұрады. Тұрғындар әр таңды көз ілмей атыратындарын айтады.

Гүлшат Оралбаева, Леңгір қаласының тұрғыны:

-Жылдан жылға бұл үйлерде тұру қауіпті болып барады. Түнімен ұйықтамай шығатын күндеріміз болады. Қашан құлап қалады, төбесі опырылып түспейді ме, қай үйден өрт шығып кетеді деп жанымызды шүберекке түйіп жүреміз, шыны керек. Үйлердің қабырғасы каркас болғандықтан не шеге ұстамайды, не сылақ тұрмайды.Мысалы, былтыр соққан пешіміз бұзылып, құлап жатыр.

Ал осы үйде отыз жылдан бері тұрып келе жатқан Рахима Болатбекова болса, жаңбыр жауса болды төбеден сорғалайтын суды да өз күштерімен тоқтатып жүргендерін жеткізді:

–Шатырдан су өтеді. Төбесінің бәріне клеенка төсеп тастағанбыз қазір. Жаңбырдың суы бар, қары бар, төбе сылақтарының бәрі түсіп жатыр. Оны сылап, әктеп қоямыз. Ертеңіне жауын жауса тағы сылақтары түсіп жатады. Өз күшімізбен жамай беріп те шаршадық. Жергілікті әкім қаралардан бір адам келіп жағдайымызды сұрап жатқан жоқ.

Мұндағы жұрттың білуінше,115 пәтерлі бұл үйлер әлдеқашан сүруге жататындығына қарамастан әлі күнге апатты деп танылмаған. Жауапты мамандар төрт жыл бұрын құжаттарымызды жинап әкеткенде қуанып қалып едік, содан бері ешкім ештеңе айтпады,- дейді.

-2017-ші жылдан бері арыз жазбаған жеріміз, ашпаған есігіміз қалмады. Бір барғанымызда Арыстағы жарылысты алға тартып, тұра тұрыңыздар деп шығарып салды. Одан кейін барғанымызда Түркістанның проблемасын айтты. «Сәл қоя тұрыңыздар, шыдаңыздар, шыда…» деген жауаппен келеміз. Шыдамның да шегі бар. Бір күні үйіміздің төбесі опырылып түспесіне кім кепіл?!., -деді қос қабатты үйдің тұрғыны Жидегүл Алтыбаева.

Ал Төлеби ауданының атқамінерлері сегіз үйдің мәселесі күн тәртібінен түспегенін көлденең тартты. Осы маңнан жаңадан бес қабатты 4 үй салу үшін жоба жасатып қойғандарын да жеткізді.

«Жобалау сметалық құжаттарының барлығын жасап, салалық басқармаға бюджеттік өтінімді өткізу үшін тапсырып қойғанбыз. Бірақ құрылысты бастауға қаржы жоқ болып тұр. Қаражат биыл бөлінсе биыл бастаймыз, егер келер жылға қалса 2023 жылы құрылысынбастауға әзірміз» ,- деді Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев.

Предыдущая запись
Пропавшего музыканта разыскивают в Акмолинской области
Следующая запись
Шымкент: үй іргелік жері мемлекет қажеттілігіне алынатын тұрғындар үкіметтен көмек сұрайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню