321
Барлығы да Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағандар. Осыған байланысты оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салды.
Ал былтыр 33 тұлғаның тарапынан қос азаматтық фактілері анықталды. Сот шешімдеріне сай 9 азамат еліміздің аумағынан шығарылса, 24 азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынды.
Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді. Егер еліміздің азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.