Шымкент: пандемияға қарсы күрескен жеке медициналық мекеме мамандары тиісті теңгелерін ала алмай жүр

Теги: ,
343

Денсаулық сақтау басқармасының алдына топтасқандар былтыр жазда қауіпті ауру өршіп тұрған кезде «Rio-med» клиникасында жұмыс істегендер. Айтуларынша, дәрігері, медбикесі мен санитары бар ұзын саны 73 маман ковидпен күресте алдыңғы шепте ауру жұқтырғандарды емдеуге атсалысқан. Алайда екі жүзге жуық адамның өміріне араша болғандардың өзіне араша қажет болып жүрген сыңайлы. Уәде етілген ақшадан бір тиын да төленбеді, — дейді.

«4-тамыздан бастап «Rio-med» клинкасында пандемияға қарсы жұмыс жасадық. Бұйрық бойынша басында 850 мың надбавка төленеді деп айтылған. Бірақ арада 10-15 күн өткесін үстемақы 420 мыңға түсті деп айтылды, ал айлық жалақымыз 90-100 мыңның арасында болады деді. Мейлі, халық үшін деп оған да көндік. Біз күні –түні сол жерде қонып жұмыс істедік, кейіннен онда түнеуге болмайды дегесін еденге жатқан күніміз болды. Арасында пәтер жалдап тұрдық отбасымызға ауру тасымалдамайық деп. Енді бізге пәтер ақысы да төленбеді, еңбек ақы да жоқ. Мысалы, мен балабақшада істеп жүрген жұмысымды тастап осы клиникаға келгенмін. Енді жұмыссыз жүрмін. 1,5 ай жұмыс жасағаннан кейін бұйрық шығарып, пандемия тоқтады, жұмысарыңды бітіріңдер деп бұйрықпен бізді жұмыстан шығарып жіберді. күннің ішінде сіздерге 10 күннен кейін айлықтарыңызды береміз деп уәде берді. Бір ай күттік. Позилов мырзадан сұрасақ біздің басшылыққа сілтейді, басшылық бұл кісілерге сілтейді», — деді медбике Ұлзада Жұманова.

Жеке клиника өткен жазда жұмысын бастаған. Науқастарды түрлі бағытта емдеуді көздеген жаңа мекеменің басшыларына шенеуніктер төтеннен ұсыныс тастаған көрінеді. Ковидтің күшейіп, ауруханаларда орын жоқ кезң еді. Алла разығы үшін дегесін келісім бердік. Онда да пандемияға байланысты лицензиямыз кешеуілдеп жатқанын ескерткенбіз, -деді мекеменің заңды өкілі Ерболат Мырзақұлов:

-Бақытжан Позилов мырза 23-шілде күні бұрық шығарды. Бірден осы жерде жұмысқа мамандар қабылдансын, 100 орындық төсек-орын жабдықталсын. Тиісті дәрі-дәрмек барлығының ақшасын төлеттіреміз деп уәдені үйіп төкті. Бұйрықты шығармай тұрып әуелі қала әкімінің бірінші әкім орынбасары Мұқан мырза мен Позылов мырза екеуі келіп, мекемемізді көріп, ұнатып кетті. Біз пандемияға байланысты лицензиямыздың дайын емесін, кешеуілдеп жатқанын ескерттік. «Жұмысқа кірісе беріңдер, арғы жағын еш уайымдамаңдар» деп ауызша уәделерін беріп кеткен болатын. Алайда қаражатты беруге келгенде енді «заңсыз жұмыс істеген» болып шықтық. «Сіздердің лицензияларыңыз жоқ болғандықтан жылдық жоспарда болмағансыздар» деген уәжбен қазір төлеуден бас тартып отыр. Бұл бойынша прокуратураға арыздандық, әкімшілікке арыздандық.Әзірге нәтиже жоқ.


Қазір ауызша берілген уәдемен инфекциялық аурухананың филиалы болып 1,5 ай жұмыс істеген клиника жұмысын тоқтатқан. Қордаланған қарызына байланысты алашағы бар мекемелер сотқа беріпті. Ал қызметкерлері жұмыссыз жүр. Денсаулық сақтау басқармасының басшысының өзі уәде бергесін сеніп, төсек орын, дәрі-дәрмек, құрал сайманның бәрін өздері қарызға алыпты. Жалақымен қосқанда жалпы қарызы — 118 млн теңге.

-Ал мегаполистің бас дәрігері сол кезде қиын қыстау заман болды. Олардың жұмыс істегенін ешкім жоққа шығарып тұрған жоқ, бәрін дәлелдеп, ақшаларын өндіріп беремін, деп шыр-пыры шықты.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Атқарылған жұмыстың бәрін дәлелдеп беремін. Мен мұнша халықты жылатып қоймаймын. Жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр пандемия кезінде, адамдар аурудан қырылып жатқан кезде бұл мекеме дер кезінде іске кірісті. Бізді де түсініңіздер, біз де еріккеннен ашқан жоқпыз ғой. Науқастарды емдеу үшін, өмірін алып қалу үшін асығыс қимылдадыулар болды. Алайда ешкім ешкімнен қашып жүрген жоқ. Менің білуімше, бұл кісілер осы уақытқа дейін адвокат жалдаған болатын. Дәл қазір бірнеше минут бұрын ғана біліп отырмын, ол адвокат ешқандай жұмыс істемеген. Сондықтан мен енді өзім адвокат тауып, әрі қарай сотта осы істі соңына дейін жеткіземін. Тіпті әр процесске қатысатын боламын.

Предыдущая запись
Атырау облысында бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды
Следующая запись
​70-летний путешественник из Жезказгана дошел пешком до Кызылорды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню