Шымкент: аударылған жүк көлігі жаншып қалған үш бірдей жеңіл автокөліктің шығынын кім өтейді?

Теги: ,
532

Шымкенттегі Рашидов көшесінің бойында «Газ 53» маркалы жүк көлігі аударылып қалған. Оқиға куәгерлердінің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан сыңайлы. Жаншылған үш машинаның екеуі қатты бүлінген. Бейнежазба авторы аударылған көліктің сақтандырылмағанын баяндайды.

Полицияның дерегінше, бұл жағдай 13-сәуір күні болды. Жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады полиция. Бұл жағдай көлік жуу ғимаратының алдында болды. Бүлінген машиналар жекелеген азаматтардікі екен, олардың шығыны өндірілу жағы сот арқылы шешіледі.

«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен “Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы” әкімшілік хаттама түзілді. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданады, — деді Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Приостановлена работа Центрально-Казахстанской академии
Следующая запись
Атырау облысы: Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылын су басу қаупі төнді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню